Accessibility links

Чикаго мен Токио дауыс беруден шығып қалды


2016 жылғы Олимпиадалық ойындар өткізу үшін таңдалатын қалалар ішінен Чикаго мен Токио шығып қалды. Енді бәсеке Мадрид пен Рио де Жанейро арасында өтуде.

Халықаралық Олимпиада комитеті бірер минуттың ішінде жеңімпаз қаланы атауы керек.

Бұл мәртебе үшін 4 қала - Чикаго, Токио, Мадрид және Рио-де-Жанейро – қалалары бәсекеге түскен еді.

Комитет мәжілісіне, өз үміткерлерін қолдау үшін, АҚШ президенті Барак Обама, Жапония премьер-министрі Юкио Хатояма, Испания королі Хуан Карлос және Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва қатысады.

2012 жылғы Олимпиада Лондонда өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG