Accessibility links

Саян-Шушенск СЭС-індегі апаттың себептері жарияланады


Сенбі күні Ресей үкіметінің мәжілісінде Саян-Шушенск су-электр стансасындағы апаттың себептері жариялануы мүмкін. Апаттың салдарынан 75 адам қаза тапты.
Ресей вице-премьері Игорь Сечин хабарлағандай, «РосТехНадзор» мекемесі апаттың себептерін тергеген қорытындысын жариялауға тиіс. Үкімет комиссиясының қорытындысы қыркүйек айында әзір болуға тиіс еді, бірақ кейінге ысырылды.
Ресей үкіметі сенбі күні, сонымен қатар, су-электр стансасын қалпына келтіру жоспарын да талқылайды. Апат 17 тамыз күні болды.
XS
SM
MD
LG