Accessibility links

Польша: еврей көтерілісінің көсемі көз жұмды


Польшада неміс фашистеріне қарсы Варшава геттосындағы көтерілістің тірі қалған ақырғы көсемі көз жұмды. Марек Эдельман 87 жасында дүниеден өтті. Ол 1943 жылы немістер басып алған Польша астанасындағы еврейлер геттосын қиратпақ болған фашистерге қарсы қару көтерген еврейлердің шағын тобын басқарды.
Марек Эдельман, сондай-ақ, 1944 жылғы Варшава көтерілісіне қатысты. Көтерілісті Польшадағы «Армия Крайова» деп аталған астыртын қарсылық қозғалысы ұйымдастарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG