Accessibility links

МАГАТЭ директоры Теһранға келеді


Иранның Кун қаласындағы уран шикізатын байытатын жаңа зауытын тексеретін халықаралық инспекторлардың сапар кестесін пысықтау мақсатымен сенбі күні Теһранға атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің бас директоры Мұхаммад Әл-Баради келуге тиіс болатын.
МАГАТЭ басшысының бұл сапары – Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Иран мен әлемнің жетекші 6 елі өкілдерінің одан 2 күн бұрын Женевада болып өткен келіссөзінен кейін ұйымдастырылып отыр. Осы жиында ресми Теһран халықаралық инспекторларды алдағы екі аптаның ішінде елге жіберуге уәде берді.
Әлем қауымдастығы Иран астыртын түрде жойқын қару жасап алуды көздейді деп күдіктенеді. Теһран оны теріске шығарумен келеді.
XS
SM
MD
LG