Accessibility links

Ирландия «Лиссабон келісімін» мақұлдады


Еуропа Одағының басшылары «Лиссабон келісімі» бойынша Ирландиядағы референдумның бастапқы нәтижесін қуанышпен қабылдады. Бастапқы нәтижеге қарағанда, сайлаушылардың басым бөлігі ЕуроОдақтың басқару құрылымдарын реформалау туралы «Лиссабон келісімін» қолдаған.
Германия канцлері Ангела Меркель ирланд сайлаушыларының шешімін ЕуроОдақ үшін «маңызды қадам» деп бағаласа, ЕуроПарламенттің төрағасы Ежи Бузек референдумның нәтижесіне қанағат білдірді.
Оның ресми нәтижесі сенбі күні жариялануға тиіс.
Ирландия «Лиссабон келісімін» мақұлдамаған жалғыз ел болатын. Енді келісім күшіне енуі үшін оған Польша мен Чехия президенттері қол қоюға тиіс.
XS
SM
MD
LG