Accessibility links

Саян-Шушенск СЭС-індегі апаттың себептері анықталды


Ресейдегі Саян-Шушенск су-электр бекетіндегі апатқа бірқатар жағдайдың қарама-қатар келуі, оның ішінде – техникалық және ұйымдастырушылық қате есептер мен салақтық себеп болды. Апаттың себептерін тергеген РосТехНадзор мекемесі үкімет мәжілісінде осындай қорытынды жасады. Құжатта СЭБ-нің айтарлықтай заңсыздықтармен пайдаланғаны айтылады. РосТехНадзордың комиссиясы, оның есебі бойынша, апатты туғызуға қатысы бар 6 адамның, оның ішінде Ресейдің біртұтас энергия жүйесі Акционерлік қоғамының бұрынғы президенті Анатолий Чубайс пен бұрынғы энергертика министрі Игорь Юсуфовтың есімдерін атады.
Саян-Шушенск су-электр бекетінде 17 тамызда болған апат 75 кісінің қазасы мен бекеттің толығымен істен шығуына себеп болды. Оны қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет.
XS
SM
MD
LG