Accessibility links

Мұхтар Әлиев Қазақстанға келді


Азаттық Радиосына мәлім болғандай, шетелде бас сауғалап жүрген Рахат Әлиевтің әкесі, Қазақстанда көптен бері болмаған дәрігер ғалым Мұхтар Әлиев елге келді. Оның басты мақсаты – іс жүзінде үйінде қамауда отырған зайыбына демеу болу.

Профессор Мұхтар Әлиев сенбі күні Лондон әуежайынан Ұлыбританиядан ұшып шықты. Ол жексенбінің таңына қарай Алматы әуежайына келіп жетті.

Сапарының дәл қарсаңында Лондонда Азаттық радиосының тілшісімен болған телефон әңгімесінде Мұхтар Әлиев эмиграциядан елге келуінің басты мақсаты - өзінің зайыбы Минавар Әлиеваның шұғыл емделу үшін Еуропаға баруына рұқсат алып беру екенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG