Accessibility links

Азаттықтың сайты әлемдік «Online Journalism Awards» сыйлығын жеңіп алды


Азаттық радиосы (Азат Еуропа/Азаттық Радиосының қазақ қызметі) интернет журналистика саласында әлемдегі ең мәртебелі «Online Journalism Awards» сыйлығының жеңімпазы атанды.

Азаттық радиосының интернет сайты бұл сыйлықты "Ағылшын тілді емес шағын сайт" категориясында (General Excellence in Online Journalism, Small Site) алып отыр. Сыйлық сенбі күні Сан-Франциско қаласында өткен салтанатты жиында Азаттық радиосы қазақ редакциясының директоры Едіге Мағауинге тапсырылды.

Азаттық радиосының жаңарған веб сайты 2008 жылдың тамызынан бері жұмыс істеп келеді.

2008 жылдың қараша айында Азаттық радиосы Қазақстандағы белгілі "Ұлттық интернет сыйлығы - Award.KZ" байқауының екі бірдей бас жүлдесін жеңіп алған болатын.
XS
SM
MD
LG