Accessibility links

Ауғанстан: 2 тәулікте 13 АҚШ жауынгері қаза тапты


Ауғанстанның шығысында тәліптермен арадағы кескілескен атыста АҚШ-тың 8 жауынгері мен 2 ауған әскері оққа ұшты. Атыс Пәкістанмен шекаралас Нұристан облысында сенбі күні болды. Халықаралық күштердің басшылығы мәлімдегендей, тәліптер де адам шығынына ұшырады.
Одан бұрын күндіз тағы да Ауғанстанның шығысында АҚШ-тың 5 жауынгері қаза тапқан болатын. Олардың екеуі тәліптердің шабуылынан, үшеуі – жарылыстардан мерт болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG