Accessibility links

Токио: экс-министрдің өлі денесі табылды


Жапонияда бұрынғы қаржы министрі Соити Накагаваның өлі денесі аңғарылды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 56 жастағы экс-министрдің мәйіті оның Токиодағы өз үйінен табылды. Денесінде зорлық-зомбылықтың ізі байқалмайды. Тергеу басталды.
Накагава – осы жылдың ақпан айында «Үлкен сегіздіктің» Римде болып өткен саммитінен кейін қаржы министрі қызметінен кетуге мәжбүр болды. Сол кезде саммите ол мас болып сөйледі деген пікір пайда болған-ды.
Соити Накагава ширек ғасырдан да көп уақыт Күншығыс елінің парламентінде депутат болып отырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG