Accessibility links

МАГАТЭ инспекторлары Иранға 25 қазанда барады


Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің инспекторлары Иранның Кум мекеніндегі уран шикізатын байытатын жаңа кәсіпорнын 25 қазанда барып тексереді. Ол туралы жексенбі күні Теһранда жүрген агенттіктің бас директоры Мұхаммад Әл-Баради мәлімдеді. Оны Иранның атом энергетикасы бойынша агенттігінің басшысы Әли Ақбар Салехи де растады.
Таяуда Женевада әлемнің жетекші 6 елінің өкілдерімен өткізген келіссөзінде ресми Иран кәсіпорынға халықаралық инспекторларды жіберуге келісті.
Ал осы кезде New York Times газеті МАГАТЭ-нің құпия баяндамасы барлығын жазады. Оған сәйкес, агенттіктің сарапшылары Иранда жақсы байытылған ураннан ядролық қару шығаруға жеткілікті ақпарат бар деген қорытындыға келетін көрінеді. Ал Иран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG