Accessibility links

АҚШ президентінің кеңесшісі: Ауғанстанда Әл-Қаиданың ықпалы азайды


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Әл-Қаиданың Ауғанстандағы күштері елеулі түрде азайғандығын мәлімдеді.

CNN-ге берген сұхбатында Джеймс Джонс тәлібтердің Ауғанстан билігіне қайтып оралуынан ешқандай қауіп жоқ екендігін айтып өтті.

Президент кеңесшісінің осы сұхбаты қарсаңында ғана Ауғанстанның шығысында болған шабуылдан сегіз американдық сарбаз қайтыс болған еді.

Ауғанстанда сегіз жылдан бері жүріп жатқан соғысты американдықтардың қолдауы түсіп бара жатқандыға байланысты, АҚШ президенті Барак Обама соғыс бағытының әртүрлі нұсқаларын қарастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG