Accessibility links

БҰҰ: 2025 жылы Ресей халқы 11 миллионға кемуі мүмкін


БҰҰ-ның баяндамасында Ресей халқының саны 2025 жылға таман 11 миллионға кемуі мүмкін екендігі хабарланды.

Ұйымның өткен жылы жарияланған есебінде, миллиондаған иммигранттың көшіп келуіне қарамастан, Ресей халқы 1993 жылдан бері 6,6 миллионға азайғандығы келтірілген. Сарапшылар тұрғындардың азаюының себебін экономиалық дамудың баяулығымен және жаппай алкоголизммен түсіндіріп отыр. Сондай-ақ, Ресейде өлім деңгейі өте жоғары екендігі баяндамада атап көрсетілген.

Қазіргі таңда Ресей халқының саны 142 миллионға жуықтайды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG