Accessibility links

Медицина саласындағы Нобель сыйлығын американдықтар алды


Бүгін Швецияда медицина саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының аттары жарияланды. Онда АҚШ-тың үш ғалымы Элизабет Блэкбөрн, Кэрол Грейдар және Джек Шостак Нобель сыйлығының иегері атанды.

Олар денсаулық саласындағы фермент бойынша жұмыстары үшін 10 млн Швеция кронын бөліп алады.

Швецияның Каролинка институты бұл үш ғалым адамның қартаюына қатысты және адам ағзасындағы рак талшықтарының дамуындағы ферменттерді зерттеп шықты деп отыр.

Дүйсенбі күні басталған Нобель апталығында медицина саласының ғалымдары бірінші болып сыйлық алды.
Осы апта барысында физика, химия, әдебиет, бейбітшілік және экономика саласының ғалымдарына да Нобель сыйлығы ұсынылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG