Accessibility links

«Республика» газеті БТА Банкті сотқа беру ісінде көмекші іздестіруде


Тәуелсіз «Республика» газетінің ұжымы БТА Банкке қарсы Англия сотына шағым түсіру үшін арнайы кеңесші компания іздестіріп жатқандығын мәлімдеді.

Дүйсенбі күні азаттық радиосына сұхбат берген газет редакторы Сергей Зелепухиннің айтуынша, қазіргі таңда ұжым осы мәселе бойынша бірқатар британиялық компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұған дейін «Республика – деловое обозрение» газетінің меншік иесі және бас редакторы әрқайсысы 20 миллион теңгеден моральдық шығынды БТА Банктің өзінің евробондымен өтеуді ұсынған болатын. Алайда БТА Банк мұндай ұсыныстан бас тартты.

9 қыркүйекте Алматыдағы Медеу аудандық соты "Республика" газетінің үстінен шағым түсірген БТА Банктің пайдасына 60 млн теңге өндіріп беру жөнінде шешім шығарған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG