Accessibility links

Франция президенті Саркози Қазақстанға келді


Франция президенті Николя Саркози сейсенбі күні жұмыс бабымен Қазақстанға келді. Президентті Астана әуежайында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов және Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов күтіп алды.

Саркозидің осы сапары барысында мұнай-газ, ғарыштық технология және қорғаныс саласындағы бірқатар келісімдер, сондай-ақ Қазақстан аумағын француз қарулы күштерінің Ауғанстан бағытындағы транзиттік нысан ретінде пайдалану туралы құжат қабылданады деп жоспарланған.

Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Франция президентінің Астанаға сапары қарсаңында Саркозиді Қазақстанда адам құқығының сақталуына оң ықпал етуге шағырды.
XS
SM
MD
LG