Accessibility links

Қазақстан өмір сүру деңгейі бойынша әлемде 82-ші орында


Қазақстан өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қауіпсіздігі бойынша әлемде 82-ші орында тұр.

БҰҰ Даму бағдарламасының «2009 жылы адам дамуы туралы баяндамасында» алғашқы бестікке Норвегия, Австралия, Исландия, Канада және Ирландия енді. Халықтың өмір сүру деңгейін анықтағанда денсаулық, білім деңгейі және мәдени дамуы, қоршаған ортаны қорғау мен қылмыс деңгейі есепке алынған. Бұдан бөлек, рейтингті анықтауда халықтың өмір сүру ұзақтығы, жан басына шаққандағы ІЖӨ және сауаттылық көрсеткіші, сондай-ақ қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігі және еркіндігі ескерілген.

Рейтингке әлемнің 182 мемлекеті енді.
XS
SM
MD
LG