Accessibility links

АҚШ: Иранмен келіссөздер аса сәтті болмады


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өткен аптадағы Иранмен өткізілген халықаралық келіссөздер аса сәтті болмағандығын мәлімдеді.

CNN-ге берген сұхбатында Клинтон қабылданған үш келісімді келіссөздердің нәтижесі деп қарастыратындығын, соған сәйкес Иран өзінің ядролық бағдарламаларына қатысты берген уәделерін қаншалықты жүзеге асыратындығын бағалау үшін Вашингтонның көп уақыты болатындығын атап көрсетті. Бұдан бөлек, Клинтон егер Теһран өзінің уәделерін орындамаған жағдайда қолданылуы мүмкін санкцияларды дайындау жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.

Женевадағы келіссөздер барысында Иран өзінің Кун қаласындағы жаңа зауытына халықаралық мамандарды жіберуге келіскен болатын. Әлемдік қауымдастық Теһран ядролық қару жасауы мүмкін деп күдіктенеді. Иран мұндай болжамды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG