Accessibility links

Қаржы полициясы: вице-министр Сабдалин соттың санкциясымен тұтқындалған


Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Абылай Сабдалин соттың санкциясымен тұтқындалған деп хабарлады қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Сейсенбі күні «Новости-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында Қожамжаров вице-министрге ресми айып тағылғандығын, соттың санкциясымен ұсталғандығын мәлімдеген.

Қаржы полициясының қызметкерлері Сабдалинді 45 мың доллар пара беруді ұйымдастырған деген күдікпен 29 қыркүйекте ұстаған. Вице-министр тергеуге дейінгі тексеру материалдары бойынша әрекет етпеу үшін осы параны ұсынған деп отыр қаржы полицясы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG