Accessibility links

«Назарбаев-Саркози» комиссиясы құрылады


Қазақстан және Франция басшылары Астана мен Париж арасындағы келісімдердің орындалуын қадағалайтын «Назарбаев-Саркози» комиссиясын құратын болды.

Франция президенті Николя Саркози, сейсенбі күні Ақордада, өз елінің Қазақстанмен арадағы сауда айналымы 2003 жылдан бері он есеге көбейіп, 6,5 млрд долларға жеткендігін атап көрсетті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда екі ел арасында 24 келісім жасалғандығын, олар Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететіндігін айтып өтті.

Бұдан бөлек, Назарбаев Франция президентінің Ауғанстан бойынша конференция шақыру идеясына қолдау білдіріп, ЕҚЫҰ-ның саммитін Астанада өткізу туралы ұсынысты Саркозидің мақұл көргеніне өз алғысын білдірді.

ЕҚЫҰ-на 2010 жылы төрағалық ететін Қазақстан сол жылы ұйымның саммитін Астанада өткізуді ұсынып отыр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG