Accessibility links

Назарбаев президенттік мерзім туралы мәлімдеді


«Президенттіктің мәңгілік мерзімі туралы мәселе Конституцияда шешілген» деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сейсенбі күні Астанада, Франция президенті Николя Саркозимен бірге өткізген баспасөз конференциясында Назарбаев бірінші президенттің қанша уақыт жұмыс істейтіндігі Конституцияда көрсетілгендігін, бұл құжат алғашқы президенттің сайлауларға шектеусіз қатысуға мүмкіндік ашатындығын атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті болып сайланды. 2005 жылы 4 желтоқсанда президенттік сайлауда ол жеті жылдық мерзімге қайта сайланды. Қазақстан заңына сәйкес, кезекті президент сайлауы 2012 жылы өтуі тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG