Accessibility links

Пхеньян алтыжақты келіссөздерге оралғысы келетінін айтты


Солтүстік Корея егер Құрама Штаттар мен Пхеньянның жеке келіссөздерінде прогресс болып жатса, өзінің ядролық қарулар бағдарламасы бойынша алты елдің қатысуымен өтетін халықаралық келіссөздерге қайтқысы келетінін білдірді.

Бұл туралы Солтүстік Корея жетекшісі Ким Джонг Ил Пхеньянға сапармен келген Қытай президенті Ху Дзиньтаомен кездесуі барысында айтты деп ресми ақпарат агенттігі хабарлады.

Солтүстік Корея сәуір айында Қытай, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея және АҚШ-тың қатысатын алтыжақты келіссөздерден шығатынын мәлімдеген. Мамыр айында екінші рет ядролық сынақтар жасаған.

Құрама Штаттар Солтүстік Кореямен екіжақты келіссөздер өткізу мүмкіндігі бар, бірақ Вашингтон алтыжақты келіссөздердің де қайта басталғанын көргісі келеді деген.
XS
SM
MD
LG