Accessibility links

Пәкістандық талибандар БҰҰ-на қарсы шабуылға жауапкершілікті алды


Пәкістандағы талибандар дүйсенбі күні Исламабадтағы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының кеңсесіне жасалған шабуылға жауапкершілікті алып отыр.

Ол жанкештілік жарылыстан бес адам қаза тапқан. Талибандар өкілі Азам Тариқ Ассошейтед пресс агенттігіне айтқанында, шабуыл БҰҰ-ның агенттігіне қарсы жасалды, себебі шетелдік көмек мұсылмандар мүддесіне орай жасалмай жатыр деді.

Бұл шабуылдан агенттіктің төрт пәкістандық және ирақтық қызметкері құрбан болған. БҰҰ Пәкістандағы кеңселерін уақытша жабатынын айтты.

Пәкістан ресмилерінің сөзіне қарағанда, жанкешті әскери киіммен келіп, әжетханаға сұранып, бақылау бекетінен өтіп кеткен.
XS
SM
MD
LG