Accessibility links

Физика саласындағы Нобель лауреаттары аталды


Бүгін Швецияда физика саласынан Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды.

Осы жылғы Нобель сыйлығының иегерлері болып қытайлық ғалым Чарльз Као, американдық ғалымдар Уиллард Бойл мен Джордж Смит атанды.

Дүйсенбі күні медицина саласындағы сыйлықты үш американдық ғалым алған болатын. Сәрсенбі күні химия саласы бойынша Нобель сыйлығы беріледі. Одан кейін әдебиет, бейбітшілік, экономика саласының ғалымдары алатын болады.

Нобель сыйлығы 1901 жылы кәсіпкер әрі динамит ойлап тапқан Альфред Нобель атымен құрылған.
XS
SM
MD
LG