Accessibility links

Пәкістан сыртқы істер министрі АҚШ-та жүр


Вашингтонда сапармен жүрген Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши сейсенбі күні мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон және АҚШ конгресіндегі заңшығарушылармен кездеседі.

Олар экстремистерге қарсы күрестегі ынтымақтастықтары туралы және Құрама Штаттардың Пәкістанға көмегі жайлы талқылайды.

Министр Курешидің кездесулерінде басты назар - өткен аптада Конгресс мақұлдаған АҚШ-тың Пәкістанға үш еселенген қаржылық көмегі турасындағы заң жобасына аударылады.

Онда алдағы бес жыл бойы Пәкістанға жылына 1,5 млд доллар бөлу қарастырылған. Заңға президент Барак Обама әлі қол қойған жоқ.

АҚШ ресмилері Пәкістандағы коррупцияға байланысты ол қаражат бұл елге қалай беріледі деген мәселені әлі талқылап жатыр.
XS
SM
MD
LG