Accessibility links

Вице-министр Сабдалинге пара берген деген айып тағылды


Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Абылай Сабдалинге аса ірі көлемде пара берген деген айып тағылды деп хабарлады қаржы полициясы.

Сәрсенбі күні Астанада өткен баспасөз конференциясында қаржы полициясының баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

Қаржы полициясының қызметкерлері Сабдалинді 45 мың доллар пара беруді ұйымдастырған деген күдікпен 29 қыркүйекте ұстаған еді. Кейін қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаров вице-министрді соттың санкциясымен тұтқындағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG