Accessibility links

АҚШ Иранға санкцияларды күшейтуге дайындалуда


АҚШ ресмилерінің айтуынша, егер Теһран ядролық қару жасап жатқандығы жөніндегі күдіктерді жоймаса, Вашингтон мен оның одақтастары Иранға қосымша санкциялар енгізуге дайын. АҚШ қаржы департаментінің лаңкестік пен қаржылық барлау бойынша хатшысының көмекшісі Стюарт Леви Сенаттың банк істері жөніндегі комитетіне Вашингтон Иранға халықаралық шектеулерді күшейту жоспары бағытында жұмыс істеуде деп мәлімдеді.

Өткен аптада Ира өзінің ядролық бағдарламасына байланысты әлемнің алпауыт елдерімен келіссөз өткізді. АҚШ Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG