Accessibility links

Мьянма оппозициялық жетекшісі министрмен кездесті


Мьянманың демократиялық жетекшісі Аунг Сан Су Чжи бір аптаның ішінде екі рет елдің әскери билігінің ресми өкілімен кездесті деп хабарланып отыр. Мьянма ресмилерінің айтуынша, бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 64 жастағы Су Чжи министрмен Янгонда жүздескен. Бұл келіссөздер туралы әзірше басқа мәлімет берілмеді.

Бұдан бұрын Су Чжи хунтаға хат жолдап, халықаралық санкцияларды жою мақсатында ынтымақтасуға әзір екенін айтқан болатын. Су Чжи Янгодна үй қамауында отыр.

АҚШ егер Мьянмада демократия бағытында алғабасушылық болмаса, оған қарсы енгізілген санкциялар алынып тасталмайды деп ескертті.
XS
SM
MD
LG