Accessibility links

Обама Түркия-Армения келіссөздерін тездетуге шақырды


АҚШ президенті Барак Обама армениялық әріптесі Серж Саркисянмен телефон арқылы сөйлесіп, Армения мен Түркия қарым-қатынастарын қалпына келтіруге бағытталған келіссөздерді тездетуге шақырды.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, дүйсенбі күні Обама Саркисянға телефон шалып, АҚШ Анкара мен Ереван арасындағы әлгі келіссөздердің ешқандай шарт қоймастан таяу арада басталуын қолдайды деген. Обама сондай-ақ Саркисянның басшылығын Түркиямен бұл үдерісті алға тартып отырғаны үшін мадақтады.

Армения мен Түркия арасында қазір дипломатиялық байланыстар жоқ және бұл екі ел арасындағы шекара жабық тұр. Анкара мен Ереван дипломатиялық байланыстарды орнату мақсатында осы айда келісім жасауымыз мүмкін деп мәлімдеген болатын. Алайда мұндай келісім өз күшіне енуі үшін оны екі елдің парламенттері мақұлдауы тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG