Accessibility links

Кремль: Ресей мен Түркменстан газ дауын аяқтады


Кремлдің хабарлауынша, Мәскеу мен Ашхабад Түркменстанның газ экпортын қалпына келтіруге келісті. Кремль баспасөз хатшысы Наталья Тимакованың айтуынша, бұл келісім Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Түркменстан президенті Гурбангұлы Бардымұхаммедовтың өткен айдағы кездесуі нәтижесінде жасалған.

Сәуір айында Түркменстандағы құбыр жарылып, газ тасымалы тоқтап қалған болатын. Осыған байланысты бұл екі ел бір-бірін айыптаған-ды. Түркмен газын сатып алатын Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясы газ тасымалын қалпына келтіру мәселесінде техникалық проблемаларды шешіп жатыр деп мәлімдеді Тимакова.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG