Accessibility links

Жәкішевтің іс бойынша материалдар адвокатына тапсырылды


Қазанның 7-і күні «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қарсы қылмыстық істің материалдары топ-менеджер мен оның адвокаты Нұрлан Бейсекеевке тапсырылды.

Адвокаттың айтуынша, тергеу материалдары 39 томға түптелген. Сәрсенбі күні таңертеңнен бастап топ менеджер мен оның адвокаты іс қағаздарымен танысуды бастаған. Алайда ауқымды материалдың алғашқы кітабын жартылай ғана қарап шығуға мүмкіндіктері жеткен. Өйткені Жәкішевтің қан қысымы тағы да көтеріліп, түстен кейін оны ауруханаға жатқызу мәселесін қайтара көтеру үшін прокуратураға өтініш дайындаумен айналысуға мәжбүр болдым дейді Бейсекеев.

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев «мемлекеттің мүлкін талан-таражға салды» деген айыппен 21-ші мамырда тұтқындалып, содан бері Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің тергеу абақтысында отыр.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG