Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы бойынша өкілі Мәскеуде жүр


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз бостандығы бойынша өкілі Мәскеуге үшкүндік сапарын бастады. Миклош Харасти Ресей ресмилерімен кездесіп, журналистерге қарсы зорлық-зомбылықпен күресуге қатысты және интернет бостандығын қорғау мақсатындағы қажетті шараларды талқыламақшы.

Харасти сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және адам құқықтарын қорғаушылармен кездеспек. Бейсенбі күні ол халықаралық медиа конференцияда Еуропадағы баспасөз бостандығына қатысты мәлімдеме жасайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG