Accessibility links

Лавров: АҚШ-тың жаңа жоспары Мәскеуге үлкен қауіп төндірмейді


Ресей сыртқы істер министрі АҚШ-тың теңізде зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру жөніндегі жаңа жоспары Ресейге аса үлкен қауіп төндірмейді, және ол АҚШ-Ресей байланыстарын нығайтады деп мәлімдеді.

Украинаның Харьков қаласында сөйлеген сөзінде Сергей Лавров Обама әкімшілігінің жаңа жоспары бұрынғы әкімшіліктің Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру ұсынысымен салыстырғанда Мәскеуге қауіп төндірмейді деп атап көрсетті.

Өткен айда Обама әкімшілігі Буштың жоспарынан бас тартып, оның орнына зымыраннан қорғаныс жүйесін жетілдіріп, теңізде орналастыру жоспарын жариялады.
XS
SM
MD
LG