Accessibility links

Чехия Лиссабон келісімін мақұлдауы мүмкін


Чехия премьер-министрі Ян Фишердің мәлімдеуінше, Чехия Еуропа Одағының реформалары жөніндегі Лиссабон келісімін ақыр аяғында бекітеді. Бұл келісім осы жылдың аяғына дейін мақұлдануы мүмкін деді Фишер.

Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу мен Швеция премьер-министрі Фредрик Рейнфелдтпен өткізген келіссөздерінен кейін Чехия премьері: "Еуропада алаңдаушылыққа себеп жоқ. Чехия республикасының бұл келісімді нақты қашан бекітетіні әзірше белгісіз", - деп мәлімдеді.

Өткен аптадағы референдумда Ирландия сайлаушылары Лиссабон келісімін мақұлдады. Бірақ ЕуроОдақтың 27 елінде бұл келісім өз күшіне енуі үшін оған Чехия мен Польша президенттері қол қоюы тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG