Accessibility links

Атырауда 2 айыпталушы қарындарын тіліп жіберген


Қазақстанның Атырау қаласындағы сотта екі айыпталушы сейсенбі күнгі тыңдауларға наразылық танытып, қарындарын жарып жіберген.

Айыпталушылардың туыстары Азаттыққа берген сұхбатында 27-28 жастағы бұл азаматтарға бопсалаумен айналысты, тонаушылық жасады деген айыптар тағылған деп хабарлады. Сотқа тартылып отырған екі азамат өздеріне тағылған айыптарды мойындамауда. Олардың айтуынша, бұл істі полиция әдейі ұйымдастырған.

Сот шешімі жарияланайын деп жатқанда әлгі екі азамат өздеріне қол жұмсады. Оларға медициналық көмек көрсетілді деп хабарланды. Айыпталушылардың бірі 12 жылға, ал екіншісі 8 жылға бас бостандығынан айрылды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG