Accessibility links

Польша президенті Лиссабон келісіміне қол қояды


Польша президенті Лех Качиньски ЕуроОдақтың басқарушы құрылымын реформалау туралы Лиссабон келісіміне қол қоюға келісті.
Президент кеңесшісінің хабарлауынша, Качиньски құжатқа жексенбі күні қол қояды.

Осылайша Лиссабон келісіміне Чехия ғана қосылған жоқ. Президент Вацлав Клаус құжаттың ел заңдарымен сәйкестігіне қатысты конституциялық соттың шешімін күтіп отыр. Чехияның премьер-министрі Ян Фишер келісімді жылдың аяғына дейін қабылдауға уәде берген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG