Accessibility links

Қазақстан мен АҚШ энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуда


Қазақстан мен АҚШ ядролық қаруды таратумен күрес саласында белсенді түрде ынтымақтасатын болды. Бұл туралы бейсенбі күні Астанада өткен энергетика саласындағы әріптестік бойынша екі ел комиссиясы отырысының нәтижесінде мәлім болды.

Аталған комиссия отырысына Қазақстанның энергетика министрі Сауат Мыңбаев пен АҚШ энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэниел Понеман жетекшілік етті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Екі жақ энергетика саласындағы бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру жоспарына қол қойды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG