Accessibility links

Кабулдағы шабуылды Талибан ұйымдастырды


Ауғанстан астанасының орталығындағы Үндістан елшілігінің маңында болған жарылыстан 17 адам қаза болып, 80-ге жуық кісі жараланды. Жарылыстан зардап шегушілердің дені бейбіт тұрғындар. Ауған ресмилерінің хабарлауынша, шабуылды жарылғыш тиелген автокөліктегі жанкешті жүзеге асырған.

Жарылысқа байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алып, Үндістан елшілігін нысанаға алғанын айтып отыр. Өткен жылы шілдеде Кабулдағы Үндістан елшілігінің маңында Талибан жанкештісінің шабуылынан 58 адам, соның ішінде екі үнді дипломаты қайтыс болып, 140-қа жуық кісі жараланған еді.
XS
SM
MD
LG