Accessibility links

Әкім Ізмұхамбетовтың өтініші жартылай қанағаттандырылды


Батыс Қазақстан облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың бұрынғы кеңесшісінің үстінен түсірген шағымы жартылай қанағаттандырылды.

Қазанның 8-і күні өткен сотта жазушы Алпамыс Бектұрғановқа әкімге қатысты айтқан айыптауларын 6 бұқаралық ақпарат құралдарында жоққа шығару міндеттелді. Бейсенбі күнгі сот әлгі басылымдарда бұған дейін шыққан мәліметтердің бәрі шындыққа жанаспайды және олар әкімнің ар-ожданына нұқсан келтіреді деген шешім шығарды. Бірақ әкім Ізмұхамбетовтың Бектұрғанов бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кешірім сұрауы тиіс деген өтініші қанағаттандырылмады.

Азаттық радиосы бұған дейін хабарлағандай, жазушы әрі Батыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы кеңесшісі Алпамыс Бектұрғанов биыл жазда екі рет сотты болды: әуелі аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовке жала жауып, ар-намысына тиді деген айыппен кінәлі деп танылған ол, сонан кейін бюджет қаржысын заңсыз пайдаланып өз кітаптарын басып шығарды деген айыппен тағы сотқа тартылып, жиыны 4 жылға бас еркіндігінен айырылған болатын.

Жазушының өзі мен оның қорғаушылары бұл істің саяси астары бар деп санайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG