Accessibility links

Қостанайда үш полицей жол апатынан қайтыс болды


Қостанай облысында бүгін үш полицей жол апатынан қайтыс болды деп хабарлады «Новости-Қазақстан» агенттігі.

Жол апаты жұма күні таңертең Рудный-Тарановка трассасында тіркелген. Сол жолда «Тайота Ланд крузер» автокөлігі аударылып, Рудный қаласының ішкі істер басқармасының осы көлікте отырған үш қызметкері қаза болды, ауыр жараланған көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Автокөлік Рудный қаласындағы бір компанияның есебінде тіркелген, ал полицейлер бұл көлікке жолаушы ретінде мінген.

Қазіргі таңда жол-көлік апатының себептері тексеріліп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG