Accessibility links

Мьянма әскери билігі Су Чжиге батыс өкілдерімен кездесуге рұқсат берді


Мьянманың әскери билігі демократиялық оппозицияның көсемі Аун Сан Су Чжиге батыс дипломаттарымен кездесуге рұқсат берді.

Хабарларға қарағанда, бүгінгі кездесуге АҚШ, Ұлыбритания және Австралия елшіліктерінің өкілдері қатысады.

Қыркүйек айында Су Чжи елдің әскери билігінен Мьянмаға қарсы бағытталған халықаралық санкцияларды тоқтату мүмкіндігін талқылау үшін өзінің шетел елшілерімен кездесуіне рұқсат беруін сұраған еді.

Мьянмаға қарсы санкция әскери хунта оппозицияның жеңісін мойындамаған 90-ыншы жылдардың басында енгізілді. Сол кезде Аун Сан Су Чжи тұтқындалып, соңғы 20 жылдың 14 жылын өз үйінде қамауда өткізді.
XS
SM
MD
LG