Accessibility links

БҰҰ басшысы Кабулдағы шабуылды айыптады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ бас хатшысы Кабулдағы жанкештілік шабуылды айыптады.

Бейсенбі күні Ауғанстан астанасындағы Үндістан елшілігі жанында орын алған жарылыстан кемінде 17 адам қаза тауып, шамамен 80 кісі жараланды. Ресмилердің айтуынша, құрбан болғандардың дені ауған азаматтары.

Қауіпсіздік кеңесі Талибан мен Әл-Қаида және тағы басқа заңсыз қарулы топтардың ауған қоғамына төніп тұрған қауіпіне байланысты алаңдаушылық танытып, шабуылдаушыларды жауапқа тартуға шақырды.

Кабулдағы жанкештілік жарылысқа байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG