Accessibility links

Обама Нобель сыйлығын алғанына аса таңдана қоймаған


АҚШ президенті Барак Обама 2009 жылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын жеңіп алуын қарапайымдықпен қабылдады деп хабарланып отыр. Обаманы бұл жаңалықпен оның баспасөз хатшысы Роберт Гиббс ұйқысынан оятқан.

Жұма күні Норвегияның Нобель комитеті Обаманы халықаралық дипломатия мен халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Нобель бейбітшілік сыйлығымен марапаттады.

"Комитет Обаманың ядролық қарусыз әлем үшін көзқарасы мен атқарып жатқан жұмысына аса назар аударып отыр", - деді комитет төрағасы Торберн Ягланд.

Комитет сондай-ақ Обама "халықаралық саясатта жаңа ахуал қалыптастырды" деп атап көрсетті. Комитеттің айтуынша, Барак Обама әлем назарын өзіне аудартып, адамдардың жақсырақ болашаққа деген үмітін оятты. Мұндай сирек жетістікке бұған дейін көп ешкім қол жеткізе қоймаған дейді комитет.

Сыйлық желтоқсанның 10-да Ослода табыс етіледі.
XS
SM
MD
LG