Accessibility links

Сеул, Токио және Бейжің келіссөздің жалғасуын қалайды


Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жабуды көздейтін 6 жақты келіссөздің мейлінше ертерек қайта жалғасуына күш салады. Қытай премьері Вэнь Цзябао, Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак және Күншығыс елінің премьер-министрі Юкио Хатояманың кездесуінде осындай мәлімдеме қабылданды.
Өзінің екінші ядролық сынақтарын өткізуден тура 1 ай бұрын – сәуірде Солтүстік Корея немесе Корея халық-демократиялық республикасы Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Ресей және АҚШ-тың қатысуымен өтіп жатқан 6 жақты келіссөзден шығатынын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG