Accessibility links

Поляк президенті «Лиссабон келісіміне» қол қойды


Польша президенті Лех Качиньски сенбі күні Еуропа Одағын реформалауды көздейтін «Лиссабон келісіміне» қол қойды.
Варшавада өтетен осы салтанатқа ЕуроКомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мен ЕуроОдақтың өзге де басшылары және шетелдік дипломаттар қатысады. Польша қол қойған соң, «Лиссабон келісімін» мақұлдау процесі әлі толық аяқталмаған жалғыз Чехия болып қалады. Чехияда бұл құжаттың ұлттық заңдарға қаншалықты сәйкес келетінін Конституциялық сот тексеру үстінде. Оған қоса чех президенті Вацлав Клаус «Лиссабон келісіміне» қол қоюдан әзірше бас тартып отыр. Жуырда ғана ол Чехия үшін «Лиссабон келісіміне» ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін елден қуылған Судет немістеріне олардың меншікті мүліктерін қайтару мүмкіндігіне жол бермейтін қосымша бап енгізуге тырысатынын мәлімдеді.
Одан 1 апта бұрын «Лиссабон келісімі» Ирландиядағы референдум мақұлдаған болатын.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG