Accessibility links

Ирақта сайлау партия тізімдері бойынша өтеді


Сенбі күні Ирақтың көптеген қаласында сайлаудың ашық өтуін және мемлекеттік мекемелердің жұмысын жетілдіруді талап етіп жүздеген адам шеруге шықты. Бұл наразылық шарасы сайлауды 16 қаңтар күні үміткерлердің есімдерін бюллетендерде көрсетпей партия тізімдері бойынша өткізу мәселесінің парламентте талқылануы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Өткен аптада шийттердің рухани жетекшісі аятолла Әли Ас-Систани егер сайлау тек партия тізімдері бойынша өткізілетін болса, онда сайлауға байкот жариялайтынын ескертті.Әли Ас-Систани мәлімдегендей, үміткерлердің есімдері мен олардың қай саяси партияға жататыны көрсетілгенде ғана дауыс беруге сайлаушылар көбірек қатысады.
Үміткерлердің ашық тізімдері Ирақта өткен қаңтар айындағы жергілікті билік сайлауында қолданылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG