Accessibility links

Ресейде жергілікті сайлау өтіп жатыр


Жексенбі күні Ресейде кезекті жергілікті билік сайлауы өтіп жатыр.
Оның 75 облыс-өлкесінде түрлі деңгейдегі сайлау, муниципалдық аймақтардың шекараларын өзгерту мәселесі бойынша жергілікті референдумдар мен дауыс беру өтеді.
Жергілікті атқарушы билік сайлауы Чешенстан мен Ингушетияда алғаш рет өтіп жатыр.
Мәскеу тұрғындары қалалық маслихат – думаның бесінші шақырылымын сайлайды. Мәскеу думасы алғаш рет 4 жылға емес, 5 жылға сайланады. Сайлауға «Единая Россия» сынды билік және «Справедливая Россия», Либералдық-демократия, «Патриоты России» сынды билікке жақын партиялармен бірге Ресей коммунистері және «Яблоко» сынды оппозициялық партиялар да дауысқа түсуде.
XS
SM
MD
LG