Accessibility links

Түркия-Израиль бірлескен жаттығу болмайды


Түркия Израильмен арадағы бірлескен әскери әуе жаттығуларынан бас тартты. Ол туралы

Израиль әскерилерін сілтеп көрсеткен Associated press агенттігі хабарлады.

Хабарда айтылғандай, Түркия өзі өткізетін халықаралық авиажаттығуларына Израильдің әскери әуе күштерін қатыстырмайтын болып шешті. Жаттығулар алдағы аптада өтуге тиіс болатын.

Мұсылман елдерінің ішінен жалғыз Түркия ғана ұзақ жылдар бойы Израильмен жақсы қатынаста болып келіп, Тель-Авивтің палестиналық «ХАМАС» тобына қарсы Газа аймағындағы ірі соғыс операциясынан кейін екеуінің арасы күрт суыды. Газада қаншама бейбіт тұрғын қырылды.
XS
SM
MD
LG