Accessibility links

Ақ үй Теһраннан нақты іс күтеді


Иранның ядролық энергетика саласындағы халықаралық өз міндеттемелерін орындауын әлем қауымдастығы мәңгі күте бермейді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон осылай деп мәлімдеді.
Лондонда ағылшын сыртқы істер министрі Дэвид Милибэндпен өткізген келіссөзінен кейін сөйлеген сөзінде Хиллари ханым Иранның ядролық бағдарламасы бойынша таяуда болып өткен көпжақты келіссөзді «жақсы бастама» деп бағалады. Бірақ, - деп атап көрсетті мемлекеттік хатшы, - енді нақты іс-әрекет болуы керек.
Өз кезегінде Д.Милибэнд: бұл - өзге әлеммен жақсы қатынас орнатудың ең жақсы мүмкіндігі, - деп мәлімдеді.
Халықаралық қоғам Ираннан ядролық қару жасап шығаруды көздейді деп күдіктенеді. Ал Иран оны теріске шығарумен келеді.
XS
SM
MD
LG