Accessibility links

Ауғанстан: сайлауда бұрмалаушылықтар болды


Ауғанстандағы 20 тамызда болып өткен президент сайлауында айтарлықтай бұрмалаушылыққа жол берілді. БҰҰ-ының Ауғанстандағы арнаулы өкілі Кай Айде осылай деп мәлімдеді.
Кабулдағы баспасөз-маслихаты барысында БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясын басқаратын норвегиялық дипломат Кай Айде, бірақ, нақты айғақтар келтірмеді.
Ол баспасөз-маслихатын бұрынғы көмекшісі Петер Гэлбрайттың «бұрмалаушылықтардың шынайы ауқымын жасыруға тырысады» деп өзіне таққан айыбын теріске шығару үшін өткізді.
Ауғанстандағы президент сайлауының ресми нәтижесі әлі шығарылған жоқ.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG